Ауа райы болжамына сәйкес 2022 жылдың 13 наурызында Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, жел күшейіп, ауа райы күрт нашарлайды деп күтілуде.
Сондықтан Түркістан облысының полицейлері барша тұрғындар мен қонақтардан ескертуге құлақ асып, ұзақ жолға шықпауға шақырады.
Егерде аса қажеттілік туындап, жолға шығуға мәжбүр болсаңыз, міндетті түрде жол ережесін сақтаңыз!
Жолда жылдамдықты асырмаңыз!
Көлігіңіздің доңғалағы мезгілге сай болсын!
Аса қажетті заттармен жабдықтап қойыңыз!
Маневр жасамаңыз!
Жолда ара қашықтықты ұстаныңыз! Жолда өзге де көліктерге құрметпен қараңыз!
Ауа-райының қолайсыздығынан болып жатқан жағдайды және жол апаттарының алдын алуды ескерген Түркістан облысының полицейлері облыстың бас полицейі полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің тапсырмасымен жолдарды патрульдеуді жалғастырады.