Түркістанда 100 мың тұрғынға арналған көпқабатты үйлер бой көтеруде

90

Түркістан қаласында 100 мың адамға арналған көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеріп жатыр. 2020 жылдан бастап 7, 9 және 12 қабатты жалпы 89 тұрғын үйдің құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілуде.

Аталған үйлер «Отбасы банк» және екінші деңгейлі банктер арқылы ипотекамен сатылуда. Сонымен бірге жеке инвесторлар есебінен жүздеген көпқабатты үйлер салынып жатыр.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев күнделікті жұмыс кестесіне сәйкес Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралап, мердігерлермен жүздесті. Сондай-ақ, аймақ басшысы «Қылует» рухани орталығының құрылыс алаңына да барды. Бұл орталық кәсіпкерлер ғана емес, жалпы халықтың қаржылай қолдауымен салынуда. Жөндеу жұмыстары былтыр қазан айында басталған, енді биыл ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

Әлихан Файзханов