Қаржы нарығы тұрақсыз. Ұлттық банк төрағасы алдағы күндері инфляция өсуі мүмкін, — дейді.
Қазір оның көлемі бір айда 0,2 пайызға көтеріліп, 8,7 пайызды құрап отыр. Геосаяси жағдай, жаһандық тауар жеткізудің қиындауы мен энергоресурстардың қымбаттауы инфляциялық қысымды күшейтіп жіберді. Оның үстіне азық-түлік пен өзге де тауар бағасының көтерілуі тағы бар.
Инфляцияны ауыздықтау үшін Ұлттық банк төрағасы жанармайдың қымбаттауына жол бермеу керек екенін айтады. Әрі, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді ғана емес, инфляцияға елеулі үлес қосатын басқа да тамақ өнімдері бойынша жұмыс жүргізілуі тиіс, — дейді.
Шынар Оразова