Короновирстан құтылудың жалғыз жолы-вакцина. Алайда әлемде екпе туралы ақпарат жеткіліксіз. Осылай деген жазушы «Вакцинация» атты кітапты жарыққа шығарды. Публицист 8 ай бойы ізденіп жазған оқулығы халықтың кәдесіне жарайды деген сенімде. Ал сіз Қазақстанда алғаш рет антидот туралы кітап жазған жазушы туралы білесіз бе?
Әлемді қауіпті індет жайлап, өлім-жітім саны күрт көбейген мезетте адамдар бұдан қалай құтылудың жолын іздестіре бастады. Ғалымдар дерттің дауасын қарастырып, тәжівирусты жеңуге тырысты. Ал қазақстандық жазушы карантин өршіген тұста «Вакцинация» атты кітап жазуды қолға алыпты. Публицисттің сөзінше, екпе туралы айтпас бұрын вирустың не екенін біліп алу керек.
Жан Ақжанов, жазушы, публицист, қоғам қайраткері: «Вирус флешка сияқты. Флешка өліп қалған зат. Ішінде ештеңе жоқ. Бірақ компьютерге кірсе вирус болады. Яғни осыны түсіндіру үшін осы кітаптың ішінде вирустар туралы жазылған. Адамдарға түсіндіріліп жазылған. Ішінде өзінің жазылған сюжеті бар махаббат туралы».
Кітап 2020 жылы басталып, 8 айға жалғасқан. Халықты ақпараттандыруды көздеген жазушының сөзінше қазіргі таңда вакцина жайлы ақпарат жеткіліксіз. Сондықтан бұл оқулықтың жұртқа берері көп. Жалпы, Қазақстанда алғаш жазылған вакцина туралы кітаптың таралымы 1000 дана.
Жан Ақжанов, жазушы, публицист, қоғам қайраткері: «Жалпы вакцинацияны түсіну өте оңай, жәй адамдар қиын айтады. Біз өлімді мысалға келтіру керек. Мысалыға Ақш-та 970 мың адам короновирустан қайтыс болды. Ал жалпы халық 350 млн. Ал қытайда 4500 адам қайтыс болды. Қытайдың халқы 1 млрд».
Шымкент тұрғындарына кітабын таныстырған публицист ендігі жоспар мұны халыққа жеткізу дейді. Ол үшін мемлекеттен қолдау керек.
Жалпы қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 6 вакцина қолжетімді. Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің айтуынша, ерікті түрде вакцина ектіремін деушілерге мегаполис емханалары демалыссыз қызмет көрсетеді.
Айгүл Тұрымбетова, Шымкент қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысының орынбасары: «Жаңалық. 11 қаулы бойынша Файзер вакцинасын 50 жастан жоғары адамдарға және мүмкіндігі шектеулі 1,2,3 топтағы азаматтарға, сонымен қатар жасөспірімдер, жүкті және емізулі әйелдер ревакцинация ала алады».
Айта кетейік, қазіргі таңда ел бойынша екпе ектіргендер саны 9 410 890-ға жетті. Оның 9 042 233-і екінші компонеттін салдырған. Ал Шымкент қаласы бойынша 599 539 адам вакцинацияланған. Антидоттың екі компонентін мегаполистің 588 024-і қабылдады.
Мөлдір Ибадуллаева