«Жайлау» күні гүлдер жәрмеңкесі өтті

195

Наурыз мерекесі қарсаңында «Шымқала» этноауылында «Жайлау» күніне орай гүлдер жәрмеңкесі өтті. Мұнда үй және дала гүлдерінің бірнеше түрі мен сан түрлі көшеттер сатылымға шыққан.

Сондай-ақ, жәрмеңке аясында қала тұрғындарына қызғалдақ гүлі таратылады. Фестиваль ұйымдастырудағы мақсаттың бірі – қала аумағына көптеп көшет отырғызу және олардың күтіміне мән беру дейді ұйымдастырушылар. Жәрмеңкені қала әкімдігіне қарасты 5 басқарма бірігіп өткізіп отыр.

 Гүлдана Дәурен