1-Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай іс-шара өтті

64

Бүгін Әл-Фараби ауданы аумағында 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні кеңінен атап өтілді. Аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, өз саласының үздіктерін алғыс хатпен марапаттадық.

Бүгінде елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату – тәтті ғұмыр кешіп келеді. Жыл сайын 1 мамырда Әл-Фараби ауданында 60-қа жуық өзге ұлт өкілі береке мен бірлікте өмір сүріп жатқандығын атап өтеміз. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын. Ынтымағымыз арта берсін!
Мерекелік кеш бір шаңырақ астына шоғырланған өнер иелерінің мың бұралған биімен басталып, әсем әндермен жалғасты. Жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетілді.