400 студент мемлекеттік тапсырыс аясында тегін білім алуда

80

Мамандығым — мақтанышым. Shymkent жоғары педагогикалық колледжі мектеп түлектеріне ашық есік күнін өткізді. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін шараға қаладағы білім ошақтарының 9-шы және 11 сынып оқушылары келді. Болашақ студенттер колледждің тыныс-тіршілігімен танысып, оқу ордасындағы мамандықтар туралы ақпарат алды.

Бүгін Shymkent жоғары педагогикалық колледжінде ерекше атмосфера. Оған себеп те жоқ емес. Оқу ордасы болашақ студенттерге арнап «ашық есік» күнін өткізіп жатыр. Шараға қаладағы 130 мектептің 9-11 сынып оқушылары келіп, колледждің мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Мекеменің 18 жылдық тарихына қанықты.

Мұндағы мамандардың айтуынша Shymkent жоғары педагогикалық колледжінде білім алған студенттерге сұраныс көп. Олар жұмыссыз қалмайды дейді басшылық. Себебі, колледж ұжымы білім сапасына ерекше мән береді. Оған — шетелдегі білім ұйымдарымен жасасқан келісімшарттар дәлел.

Аталмыш колледжде бүгінгі таңда 1200-ге жуық студент білім алуда. Олар сұранысқа ие 5 профильдік 12 мамандық, 17 біліктілік бойынша білім алады. Сондай — ақ, директор мұнда мемлекеттік тапсырыс негізінде және түрлі жеңілдіктермен оқуға болатынын да айтады.

Сонымен қатар, бұл колледжде аудандар мен ауыл мектептерін тәмамдаған оқушылар да оқи алады. Алыс жақыннан келген балаларға мұнда 100 орындық жатақхана қарастырылған.

№KZ35LAA00014412 Лиц 25.07.2007 ж. ҚР БжҒМ БСБК БСБД берілген.