Биыл Жетісайда 200 отбасы баспаналы болады

84

Биыл Жетісайда 200 отбасы баспанаға қол жеткізеді. Жалпы, 2021 жылы Жетісай қаласындағы жаңа құрылыс аумағында 6 тұрғын үйдің құрылысы басталған еді.

Сала жауаптыларының айтуынша, аталған үйдің құрылысы биыл аяқталады. Әрі үй аумағы қажетті инфрақұрылыммен толығымен қамтамасыз етіледі. Сондай- ақ, қалада тозған ауыз су жүйелерінде реконструкциялау жұмыстары басталған. Бұл жұмыс та 2022 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Ал, 2021 жылы Жылы-су, Әл-Фараби, Байқоныс, Баққоныс, Мырзашы елді мекендері топтасқан су жүйесіне қосылды. Жылы су мен Байқоныс елді мекендеріне табиғи газ тартылған.

 Мөлдір Ибадуллаева