БЖЗҚ: Зейнетақы жинағы баспана мен емделуге жұмсалған

79

Зейнетақы жинағы арқылы тұрғын үй алуға және емделуге 1,7 млн-ға жуық өтініш орындалды. 1 жыл 4 ай ішінде салымшылардың арнайы шотына 3,1 трлн теңге аударылды. Өтініштердің ең көбін – Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары мен Маңғыстау облысының тұрғындары жолдаған. Салымшылардың дені қаржысын тұрғын үй сатып алуға жұмсаған. Оған жалпы соманың 64,4% немесе 2 трлн теңге кеткен. Ал емделуге 293,5 млрд теңге берілді. 381 мыңға жуық азаматтың өтініші қабылданды. Оның 96 пайызы қаржысын тіс емдеуге жұмсаған.

Сонымен қатар, офтальмологиялық қызметтер мен орфандық ауруларды емдеуге бағытталыпты.