Оңтүстік астанада мәслихат депутаты, белсенді әрі кәсіпкер Қайрат Құдайберген ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында, деп хабарлайды ОТЫРАР.
«ОТЫРАР» редакциясының ақпаратын прокуратурадағы дереккөз растады. Дегенмен, әзірге ресми мәлімдеме жоқ.
Халық қалаулысы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деп айыпталуда. Айта кетейік, бұған дейін ол қаңтардағы тәртіпсіздіктер бойынша куәгер болған. Бұл туралы белсендінің өзі әлеуметтік желіде хабарлаған болатын.