Досын алдап, 10 млн. теңгелік автокөлігін сатып жіберген…

91

Сайрам полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, досы құны 10 миллион теңге тұратын БМВ автокөлігін уақытша пайдалана тұруға сұраған. Алайда 1 айға дейін автокөлігін қайтармай алдап жүрген.

Аталған жайт «Алаяқтық» бабы бойынша тіркелді. Жедел-iздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті өз мекенжайынан ұсталды.

Белгілі болғандай, күдікті азамат автокөлті алаяқтық жолмен басқа адамға 12 миллион теңгеге сатып, автокөліктен түскен ақшаны өзінің қалтасына басқан. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізуде.

Иззат Миралиев