Ел бюджетінде доллар бағамы 460 теңге болып бекітілді.
Былтырғы бюджетте АҚШ валютасы 425 теңгеге теңескен. Айта кетейік, енді Қазақстан қор биржасы таңғы сауда қорытындысын жарияламайды. Ол сағат 11.00-де белгілі болатын. Күндізгі және кешкі сауда нәтижесі уақытылы хабарланады. Ұлттық банктің ресми мәліметі бойынша 6 сәурде АҚШ доллары 462 теңге 91 тиын болып белгіленді.