Мемлекет меншігіне тағы бірнеше кәсіпорын қайтарылады.Үкімет республика меншігінің кейбір мәселесі туралы қаулы қабылдады. Соған сәйкес,
«Көлік сервис орталығы» акционерлік қоғамының акция пакетінің 100%-ін сыйға тарту шарты бойынша республика меншігіне беру туралы «Темір Триумф» ЖШС-ның ұсынысы қабылданды.»Көлік сервис орталығы» АҚ – Қазақстандағы 400-ден астам теміржол кірме жолдарының теңгерім ұстаушысы. Сондай-ақ сыйға тарту шарты бойынша «Integrity Solutions» ЖШС ақпараттық-коммуникациялық салада қызмет көрсететін «Soft Art» ЖШС жарғы капиталындағы қатысу үлесінің 50%-ін республика меншігіне береді.»Bridge capital investments limited» жеке компаниясы мемлекетке тау-кен және өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін «Акмолит» ЖШС, «Мархит» ЖШС, «Топаз-НС» ЖШС жарғы капиталындағы қатысу үлесінің 100%-ін береді.
Шынар Оразоаа