Елде зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артады

128

ҚР Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжілісте зейнетақы мен жәрдемақы көлемі қаншалықты өсетінін айтты. Әрі көпбалалы аналар мен жастарға арналған жаңа жұмыс орындары құрылатынын хабарлады. Ал үкімет ұсынған жұмыстан бас тартқан азаматқа шара қолданылады екен. 

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі. Бұл туралы ҚР вице-Премьері Ералы Тоғжанов мәжіліс отырысында мәлімдеді. Айтуынша, жәрдемақы өткен жылға қарағанда 9 пайызға, ал зейнетақы 11 пайызға жоғарылайды. Жалпы елдегі 4,2 млн адамның әлеуметтік төлемі өседі.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер министр орынбасары:
«Инфляция дәлізінің 8-10%-ке дейін өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін қосымша тағы 4%-ке индексациялау жоспарланып отыр. Бұл жиынтық мәнде барлық әлеуметтік төлемнің 9%-ке, ал ынтымақты зейнетақының 2021 жылға қарағанда 11%-ке өсуін қамтамасыз етеді. Бұл мақсатқа нақтыланған бюджет жобасында қосымша 111 млрд теңге қарастырылған»

Сондай-ақ Премьер министр орынбасары көпбалалы аналар мен жастарға арналған жұмыс орындары туралы айтты. Бұл бұрыннан елдің көкейінде жүрген мәселе деген Тоғжанов ірі кәсіпорындар айналасында шағын және орта бизнес белдеуі құрылатыны жеткізді. Осы арқылы кәсіпкерліктен түсетін табысты арттыру қарастырылғанын көрінеді.

«Экономиканың барлық саласында жаңадан ашылатын 2 млн жұмыс орнының табысын арттыру, оның ішінде бұрын сырттан әкелінген өдірістегі сұранысқа ие тауарлардың 19 түрі бойынша жаңа кәсіпорындар құру. Оның ішінде фармацевтика, биотехнология, мұнай-химия саласындағы шикізаты жоғары 5-6 деңгейде өңдеуге негізделген өңдеуші өнеркісіп арқылы жүзеге асырылады»,-деді вице-премьер.

Жалпы бүгінде ел бойынша күнкөріс деңгейі кедейлік шегінен төмен 95 мың отбасы бар. Оларға үкімет атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді. Әрі еңбекке жарамды азаматтарға жұмыс ұсынады. Ал егер ол еңбек етуден бас тартса, АӘК 6 айға тоқтатылады екен.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер министр орынбасары: 59:12-41
«Көмек алушыларды еңбекке ынталандыру тәсілдері енгізілді. Егер еңбекке қабілетті азаматтар ұсынылған жұмыстан бас тартатын болса, онда атаулы әлеуметтік көмек 6 айға тоқтатылады. Бұл атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) масылдыққа айналмауын болдырмауға бағытталған. Бұл бір емес, бірнеше рет елдің көкейінде көтеріліп жүрген мәселе. «Ағын ақ деп, қарасын қара деп» елге айтуымыз керек»

Жалпы, биыл «Бақытты отбасы» сияқты жобалар арқылы көпбалалы және мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған аналарға жыл сайын 20 мың жұмыс орны құрылады.

Сондай-ақ «Жастар практикасы», «Бірінші жұмыс орны» жобалары арқылы 160 мың жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

                                                                                          Мөлдір Ибадуллаева