Инфляция 12 пайызға жетті

5

Елімізде инфляция 12 пайызға жетті.Бұл соңғы 6 жылдағы антирекорд. Ұлттық банк төрағасының айтуынша бұған азық-түлік бағасының қымбаттауы әсер еткен.

Ғалымжан Пірматовтың дерегінше ол 15,4 пайызға дейін шарықтаған. Әсіресе орамжапырақ, қант, картоп, қызанақ бағасының айтарлықтай өскені байқалады. Ал өсімдік майы мен дәнді дақылдар бағасының рекордтық көтерілуі тіркеліп отыр. Әрине бұған Ресей-Украина арасындағы жағдай себеп.

Санкциялардың кесірінен тауар тасымалы қиындап, қымбатшылық қысты. Сол үшін Пірматов биыл инфляциялық қысым сақталады дейді. Айта кетейік, тек Қазақстан ғана емес, Еуропа елдері мен АҚШ-та да инфляция өсіп, 8 пайызға жетті. Америкада мұндай жағдай соңғы 40 жылда алғаш рет тіркеліп отыр.

Шынар Оразова