Мәслихаттың кезекті сессиясында бірқатар ұсыныстар айтылды

118

Бүгін Шымкент қаласының әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды. Қаратау ауданының әкімі тағайындалды. Ол Шымкенттің экс-бас экономисі Абзал Әліқұловтың орнына келді. Аталған ауданда халық тығыз орналасқанын, сәйкесінше мәселенің де жеткілікті екенін айта кеткен жөн. Жаңа басшы халықпен бірге болатынын айтып, толғандырған мәселесі бар жандарға әрдайым әкімдіктіктің есігі ашық екенін атап өтті.

Қаратау ауданының жаңа әкімі тағайындалды. Ал халық қалаулылары орталық көшелердің атауын өзгертіп, әлеуметтік бағыт белгілеуді ұсынды. Дәл осы мәселелер мәслихаттың кезектен тыс сессиясында талқыланды.

Бірер минуттан кейін қалалық мәслихат сессиясында Қаратау ауданының жаңа басшысы тағайындалады.
Экс-әкім – денсаулығына байланысты орнын босатқан еді. Жиынға қатысушылардың барлығын жаңа орынға кім тағайындалатыны қызықтырды.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:
“Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі лауаызымына Рақымберді Мүлкемановты ұсынамын. Кандидатура ҚР Президент әкімшілігімен келісілген”.

Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Енді экономика және қаржы бөлімінің бұрынғы басшысы халыққа жақын басшы боламын деп уәде беріп, мәселесін айтқан әрбір тұрғынға әкімдіктің есігі әрдайым ашық екенін жеткізді.
Рақымберды Мүлкеманов, Қаратау ауданының әкімі:
“Халыққа ашық болуға, жақын болуға тырысамын. Мұң-мұқтажын тыңдап бірге жұмыс істейміз деген ойдамын”.

47 жастағы Қаратау ауданының басшысын әріптестері де құттықтап, ақ тілегін жаудырып, сәттілік тіледі.

Депутаттар Жаңа Қазақстанда осындай тағайындаудан бастап халыққа барлық қолайлы жағдай жасау қажет, деп есептейді.

Ал әкімдік қосымша әлеуметтік бағыттар енгізуді ұсынды. Аталған идея жиынға қатысушылардың қолдауына ие болды.

Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: “11 әлеуметтік мәні бар қатынастарды ұлғайту жобасына қолдау көрсетулеріңізді сұраймын. Біз мұның пайдасын бұған дейін де айттық. Бұл біздің қала үшін өте маңызды”.

Әкім депутаттарға алғысын білдіріп, алда атқарылатын жұмыс көп екенін атап өтті. Басты міндет – жаңа Қазақстанды құруда халыққа және ел президентіне қолдау көрсету.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: “Күнде кездесіп жүрміз ғой бәріміз. Елді аралап, үлкен мәселелерді қала тұрғындарынан естіп, шешіп. Жыл соңына дейін бірге жұмыс атқарып, жақсы нәтиже көрсететінімізге күмәнім жоқ.

Жыл соңына дейін әлі уақыт бар. Сондықтан шенеуніктер мен депутаттар жасаған жұмыстың нәтижесі қандай болатынын уақыт көрсетеді.

                                        Гүлдана Дәурен