Мүмкіндігі шектеулі жандарға үйге қатысты бағдарлама түсіндірілді

66

Әл-Фараби ауданында көзі көрмейтін және әлсіз көретін жандарға тұрғын үйге қатысты мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді. Түсіндірмен жұмыстарын Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы мен «Отбасы банк» акционерлік қоғамының мамандары жүргізді.

Тұрғын үйге қатысты «Бақытты отбасы», «Шаңырақ», «Нұрлы жер» бағдарламалары туралы ақпараттар беріліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қарастырылған жеңілдіктер жөнінде толық мәлімет берілді.

Сондай-ақ, тұрғындар өздерін мазалаған сауалдарға сала мамандарынан жауап алды. Кездесу Әл-Фараби аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

                                                                                                  Гүлдана Дәурен