Наурыз айында 1 млрд. долларға жуық валюталық интервенциялар жүргізілген

7

Ұлттық Банк наурызда 1 миллиард долларға жуық валюталық интервенциялар жүргізген. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық қордан бюджетке трансферттерді жүзеге асыру үшін 891 млн. долларды сатуы, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 233 млн. доллар валюталық түсімнің бір бөлігін сатуы теңгеге қолдау көрсетті.

Еске салайық, ақпанда Қаржы реттеуші орган 273 миллион долларға валюталық интервенция жүргізген. Ал бюджеттік трансферттер үшін Ұлттық қордан 510 миллион доллар сатылған. Хабарламаға сәйкес, биржадағы валюталардың жалпы саудасы наурызда екі есе өсті.

Шынар Оразова