Қант экспортына тыйым салынуы мүмкін

101

Қант экспортына тыйым салынуы мүмкін.

 

Сауда және интеграция министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі бірлесіп «Қантты әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын дайындады. Құжат 4-ші сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. Сарапшылар экспортқа тыйым салынса, нарықта тауар тапшылығы болмауы мүмкін дейді. Министрліктің мәліметіне қарағанда, қазір қант қоры 34 500 тоннадан асады. Кейін өңделетін 30 мың тонна қант шикізаты тағы бар.