Өткен жылы елімізде 31 мыңнан астам адам қаржы пирамидаларына қомақты қаржы салып, опық жеді.
Оларға 54 млрд. теңгеден астам сомаға залал келтірілген. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлім етті.
Айтуынша, қазір 65 қылмыстық іс қаралып жатыр. Онда 3 мыңнан аса адам жәбірленуші. Сонымен қатар, «Teletrade D.J.Limited» шетел компаниясының қылмысы әшкереленгенін тілге тиек етті.
Ұйымның 700 мыңнан астам доллары мен 130 мыңдай еуро қаражатына арест қойылды. Сондай-ақ, Армения, Латвия, Литва және Ресейде банктік шоттары анықталған. Одан бөлек, Түркияда қонақүй мен 3 пәтер түріндегі активтеріне тұсау салынды. Қазір бұл іс сотқа жіберіліп, қаралып жатыр.
Шынар Оразова