Қазақстан бидай мен ұн экспортына шектеу қойды

123

Қазақстан бидай мен ұн экспортына шектеу қойды. Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бидай мен ұн экспортына квота енгізіледі.

Бұйрық қолданысқа енгізілген күннен 15 маусымға дейін бидай мен ұн экспорты бекітілген квота көлемі шеңберінде жүзеге асырылады. Яғни, бидай мен меслинге – 1 млн тонна; — бидай немесе қара бидай ұнына – 300 мың тонна.

Сонымен қатар, ведомство хабарламасында «бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жатады» делінген.

Гүлдана Дәурен