Қытай мен Өзбекстанға күнбағыс экспорты өсті. Қазақстандық шикізаттың 80% осы елдерге кетеді. Бұл туралы Қазақстан егіншілер одағының төрағасы Виктор Асланов хабарлады.
Агроқоғам ақпараттық порталына берген сұхбатында ол мынадай деректер келтіреді. Қаңтарды қосқанда 5 айдың қорытындысы бойынша, бізде 43 мың тонна күнбағыс экспортталды. Ал ақпанда бес айлық көлемнің жартысы, яғни 21 мың тонна шетелге кетті. Бірақ бұл өткен маусымдағы ұқсас кезеңмен салыстырғанда үш есе аз деді Асланов. Маманның сөзінше, қазақстандық өнімдерге деген қызығушылық барлық бағыттар бойынша өсті. Бірақ ішкі нарықтағы өзгерістер туралы айтуға әлі ерте. Әлі күнге дейін тұқымдар мен күнбағыс шығаруға шектеулер бар. Үкіметтің квота енгізіп, бағаны тұрақтандыруға тырысқанымен, сұйық май құны сол қалпында тұр. Квоталар елде шикізат көп, ал май арзан болу үшін жасалды. Нәтижесінде тұқымдар үш есе аз экспорттады, бірақ шикі майдың экспорты былтырғы деңгейде, сөрелердегі баға қандай болды, солай қалды. Сондықтан, барлығы ұтылды. Бірінші кезекте экспорттық түсімнің аздығынан ел бюджеті қыруар қаржыдан айырылды,- дейді Қазақстанның егіншілер одағының төрағасы.
Шынар Оразова