Қытаймен шекарада жүк тиелген қазақстандық вагондар мен контейнерлер тоқтап тұр

51

Қытаймен шекарада жүк тиелген 1340 контейнер тоқтап тұр.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, контейнерлерде әртүрлі жүктер бар: машина жасауға арналған бөлшектер, шикізаттар және тағы басқа. «Атамекен» ҰКП Логистика және тасымалдау департаментінің директоры Мұрат Әмрин «Қазақстан темір жолы» АҚ Қытай тарапына Қазақстанға тоқтап тұрған вагондар мен контейнерлерді жедел жөнелтуді ұйымдастыру туралы хат жібергенін атап өтті.

«Қытай тарапы бұл мәселеден хабардар екенін жеткізді. Осыны ескере отырып, олар қазақстандық жүктерді тезірек жөнелтеді деген үміттенеміз», – деді Мұрат Әмрин.