Руслан Желдібай Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

86

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Берік Уәли атқарған.

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін және Уорик университетін бітірген. Өзінің еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған. 2012-2018 жылдары «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер қызметін атқарған. 2018-2019 жылдары Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы, басшысы лауазымын атқарған.

2019-2020 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет еткен. 2020 жылы Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған. 2021 жылдан қазіргі уақытқа дейні премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болды.

Гүлдана Дәурен