Сенат «Кибербуллинг туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарды

109

Сенат «Кибербуллинг туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарды. Нақтырақ айтсақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында бірқатар ереже қайта қаралады.

Сенат депутаттары құжатқа бірнеше түзету енгізген. Оған сәйкес, уәкілетті органға өз қалауы бойынша интернет-ресурстарға, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге қолжетімділікті шектеуге немесе жұмысын тоқтата тұруға мүмкіндік беретін өкілеттік алып тасталды.

Тек балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты жоюға болады. Сонымен қатар, балаларға кибербуллинг жасағаны туралы фактілерді арнайы сарапшылар тобы қарайды.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті сенатының депутаты: «Сенаторлар уәкілетті органға өзінің дербес ұйғарымымен әлеуметтік желілерді, интернет-ресурстарды, мессенджерлерді шектеу немесе тоқтату туралы құқығымен келіспеді, бұл норма бірден алынып тасталды. Сонымен қатар сенаторлар Қазақстанның тек қана кибербуллингке қатысты емес, барлық заңнама аясын бұзатын контентті 24 сағаттың ішінде шет мемлекеттердегі онлайн-платформалардың өкілдерінен алып тастау туралы ұсынысты да қолдамады. Депутаттар заң жобасында «кибербуллинг» деп танылған ақпаратты жою туралы нормаға нақытлау енгізді. Бұл контент тек балаларға ғана байланысты болуы керек. Мұндай жағдайда ата-аналар немесе заңды өкілдер уәкілетті органға өзінің өтінішімен бару керек».

Гүлдана