Шымкентте мұқтаж жандарға 500-ге жуық азық-түлік жиынтығы таратылды

176

Рамазан айында ізгі амал мен игі іс жасап және мұқтаж жандарға көмек көрсеткен дұрыс. Шымкент қаласының кәсіпкерлері де қасиетті айда мұқтаж жандарға қол ұшын созуда. Бұл жолы бес жүзге жуық отбасы азық-түлік жиынтығын алады.

Бұл жиынтықтар көмекке мұқтаж жандарға арналған. 500-ге жуық қорапқа күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік салынған. Бауыржан Анарбеков үнемі аз қамтылған отбасыларға көмектесіп отыратынын және мұндай акциялар жиі өткізілетінін айтады.

Бауыржан Анарбеков, Raiymbek & company ЖШС директоры:
«Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Сіздерді қасиетті рамазан айымен құттықтаймын! Біз әдеттегідей биыл да қайырымды іс-шараны жалғастырып жатырмыз. Мешіттерге және мұқтаж жандарға үй жабдықтары мен азық-түліктер таратып жатырмыз. Сіздерді Ораза мерекесімен құттықтаймын және қайырымдылыққа шақырамын».

Азық-түлік әуелі қала мешіттеріне жеткізіледі. Ал ол жерден қажетті мекен-жайға таратылады. Кәсіпкерлер мұндай акциялар көмекке мұқтаж жандарға аз болса да қолдау көрсететініне сенеді.

Гульнара Әшірәлі, «Гульнара» ЖК директоры:
«Іс-шарамызды жылдағыдай өткізудеміз. Ол азық-түліктердің ішінде ұн, май, күріш, макарон және одан да басқа азық-түлік жиынтықтары бар. Барлықтарыңызды Оразамен құттықтаймын!»

Айта кетейік, акцияға жүрегі кең жомарт жандардың барлығы қатыса алады.

                                                                                            Гүлдана Дәурен