Жолды күтіп ұстауға Шымкенттің бюджеті жетпейді». Осылай деген қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов неліктен мегаполис көшелері шұрық-тесікке айналып жатқанын түсіндіріп берді. Шенеуніктің айтуынша, жолды әр бес жыл сайын жөндеуден өткізіп отыру қажет. Бірақ, бұл мәселе қаржыға келіп тіреледі дейді. Сонымен қатар өткен жылдың қазанында ғана пайдалануға берілген веложолақтың қазіргі сиқы да осы жиында сөз болды. Мақсұт Исахов бұл туралы қандай пікір білдірді?
Құрылысы өткен жылдың қазан айында ғана аяқталған бұл веложолақтың қазіргі сиқы осы. Сала жауаптыларының айтуынша, 4,5 шақырым жолдың 628 метрі опырылып түскен. Бірақ оған жол салған компания емес, кәріз жүйесін жүргізген мекеме кінәлі екен.
Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:
«Енсаф компаниясы кәріз жүйесін жазған кезде әр 20 см-15 см сайын нығыздап, қайтадан көму керек. Сол әр нығыздағанын дорожный лабараторияны әкеліп, тексереді. Егер дұрыс десе, болды өтті дейді. Сол 1500 метрдің барлығында лабараторияның қанағаттанарлық деген жауабы бар. Содан кейін ғана Береке компаниясы веложолоқ салған. Ол нығыздаған жоқ».
Мақсұт Исаховтың сөзінше, жалпы веложолақ құрылысына бюджеттен 122 млн. теңге қаржы бөлінген. Бірақ опырылған 628 метр жолдың шығыны шамамен 6-7 млн тг болады екен. Енді бұл жолды Енаф ЖШС қалыпқа келтіреді. Ал әкім орынбасары жолдың сапалы салынуы үшін әр үш күн сайын барып, қадағалап тұратынын жеткізді. Егер бекітілген мерзімге дейін қалыпқа келтірмесе компанияны сотқа береміз деп отыр.
Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:
«Таңертең мен сол жерде болдым. Ол жерде Береке компаниясы да, Енсаф компаниясы да болды. Қазір ол жерде құлап кеткен жерлердің барлығын көтеріп жатыр. Қайтадан көтереді. Қайтадан нығыздайды. Қайтадан салады. Өз есебінен жаңадан асфальт салады Енсаф компаниясы. Берекенің бұл жерде ешқандай жауапкершілігі жоқ. Олар 2 ай деп еді. Мен «жоқ 1 айдың көлемінде 1 мамырға дейін деп мерзімін белгілеп кеттім».
Шымкентте бұдан бөлек те шұрық-тесікке айналған жол жетерлік. Әкім орынбасарының айтуынша, салынған жолды әр 5 жыл сайын жөндеуден өткізіп отыру қажет. Бірақ оған мегаполистің бюджеті жетпейтін көрінеді. Ал егер сапасыз жолдан көлігіңізге зақым келсе, шығынын мердігер мекеме өтеп береді екен.
Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:
«Егер машинаңыз дәл шұңқырға түсіп балоныңыз жарылып бердеңе болатын болса сіз соны полицияны шақырып, оның бәрін заң аясында қажетті оформлениесін жасап, одан кейін жаңағы сотқа беріп, соттың шешімімен шығарып береді. Содан кейін біз сол жолд ыкүтіп ұстайтын, мердігер мекемеден аласыз сол ақшаны».
Бүгінде қалалық автомобиль жолдары басқармасы шалғай елдімекендерге баса назар аударып жатыр. Мәселен, биыл орташа жөндеуден өтетін 293 көшенің 8-і ғана қала аумағында екен.
Мөлдір Ибадуллаева