Шымкентте Standard City 2 жаңа тұрғын үй кешені салынуда. Тұрғын үй алты 9 қабатты және бір 5 қабатты блоктан тұрады. Мұнда 2 және 3 бөлмелі пәтерлерді сатып алуға мүмкіндік бар. Әрі кешенде қауіпсіз лифті пен автотұрақ қарастырылған. Құрылыс ағымдағы жылдың шілде айында аяқталады деп жоспарлануда.
Жаңа баспана алғысы келетіндер үшін жағымды жаңалық. Шымкенттегі бұл көпқабатты үйлер жақын арада халық игілігіне беріледі деп жоспарлануда. Яғни, құрылыс аяқталған соң жүздеген отбасы қоныс тойын тойлайды. Айта кетейік, стандарт сити 2 тұрғын үй кешені ең заманауи технологиялармен салынған.
Дәрмен Әліпбеков, прораб:
«Жақында жұмысты аяқтаймыз және тұрғындарда кілт табыстаймыз. Біз бұл тұрғын үйді бар күш-жігерімізді салып тұрғыздық»
«Standard City 2» тұрғын үй кешені алты 9 қабатты және бір 5 қабатты блоктан тұрады. Мұнда 2 және 3 бөлмелі пәтерлерді сатып алуға мүмкіндік бар.
Ислам СМАИЛОВ «STANDARD CITY 2» тұрғын үй кешенінің құрылыс инженері:
«300-ден астам пәтер дайындап жатырмыз, мұнда 2 және 3 бөлмелі пәтерлер бар. Құрылыс жүріп жатыр, үйлерді тапсыра салысымен тұрғындарды қоныстандыруға кірісеміз».
Биіктігі 2,7 метр бөлмелер тұрғындарға қара сылақ түрінде беріледі. Сондай-ақ пәтерді бірнеше ипотекалық бағдарлама бойынша алу мүмкіндігі қарастырылған. Мысалы, «Отбасы банк» бағдарламасы бойынша алғашқы жарна 30 немесе 50 пайыз, «Ұмай» ипотекалық бағдарламасымен 15 пайыз, ал Центр Кредит банкінде 20 пайыздан бастап алуға болады. Айтпақшы, «Standard City 2» тұрғын үй кешенінің әр пәтерінде автономды жылыту жүйесі бар.
Бұл жер бірнеше жыл бұрын қаңырап бос жатқан еді. Ал қазір мұнда Нұртас шағын ауданы орналасқан. Қазірше жаңа ауданнан пәтер алуды жоспарлап жүргендер үшін таңдау жасауға уақыт бар. Сондықтан егер сіз Шымкенттің экологиялық таза аймағынан пәтер сатып алғыңыз келсе, ресми өкілден толық кеңес алуға асығыңыз.
Нұрсәт шағынауданы №172А, BAQYT сауда үйінің 2 қабаты
Жұмыс кестесі: демалыссыз 10:00-19:00