Атырау облысында сұйытылған мұнай-газды сақтау және құю кезінде монополиялық жоғары баға белгілеп, сатқан «Сұйытылған мұнай-газды сақтау паркі» ЖШС басшылығының үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаржылық мониторниг агенттігінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің заңсыз тапқан пайдасы 2 млрд теңгеден асқанын анықтады. Қаражат толық көлемде қайтарылды.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің өкілі:»Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті «Сұйытылған мұнай-газды сақтау паркі» ЖШС басшылығына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 221 бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабына сәйкес, өзге деректер жариялауға жатпайды»