Созақ ауданының тұрғыны әріптесінің телефонын сұрап, оның атынан 1 млн. теңге несие алған. Жергілікті тұрғын аудандық полицияға арызданып, өзінің атынан белгісіз біреу несие алғанын айтқан. Сөзінше, мұны шамамен 1 айдан кейін банктен «несиені төлеу» туралы хабар келгенде білген. Тексеру нәтижесінде, полицейлер қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекен жайынан ұстаған. Күдікті жергілікті тұрғын әрі жәбірленушінің жұмыстағы әріптесі болып шықты.
Гүлнар Әбдірахманқызы, Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы: «Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі арызданып, өзінің атынан белгісіз біреудің несие алғанын жеткізген. Жедел-іздестіру іс-шарлары кезінде жәбірленушінің атынан несие алған жас әйел анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда Созақ аудандық полиция бөлімінің тергеушілерімен ҚР ҚК 190-бабы, яғни «Алаяқтықпен» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде».
Гүлдана Дәурен