Түркістан: Медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында көшпелі штаб отырысы өтті

87

Түркістанда ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмек сапасыниарттыру мақстанда көшпелі штаб отырысы өтті.

Облыстық клиникалық орталығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директоры Мағрипа Ембергенованың төрағалық етуімен Түркістан облысы бойынша Ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында көшпелі штаб отырысы болып өтті.
Көшпелі штаб отырысына Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы М.Пашимов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлық қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А.Бейсенбаев, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Д.Тагибаев, ҚР ДСМ Аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Ш.Халықова, «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Д.Мырзахметова, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» акционерлік қоғамының ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы С.Анохина және барлық медицина ұйымдарының бас дәрігерлері қатысты.
Жиын барысында Түркістан облысының аналар өлімін азайту үшін атқарылатын жұмыстар баяндалып, сұрақтар мен талдаулар жасалды.