Түркістандық оқушы АҚШ-тың 8 университетінен шақырту алды

198

Түркістан облысы, Келес ауданында орналасқан №9 Көлтоған жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Жанерке Зейлбекова Америка Құрама Штаттарының 8 университетінен грант ұтып алды.

9 сыныптан бастап ағылшын тілін терең меңгерген Жанерке, Назарбаев университетіне түсуге тыңғылықты дайындалғанын айтады. Онлайн оқу курстарынан өтіп, шет елдегі конкурстарға қатысып бастаған. Нәтижесінде АҚШ мемлекетінің 8 университетінен шақырту алып отыр.

Сондай-ақ қазіргі таңда Түркия мемлекетінің жоғары оқу орындарына да құжаттарын тапсырып, нәтижесін күтуде. Білімді шәкірт жеткен жетістіктеріне себепкер болған мектеп ұстаздарына алғысын білдірді.

                                                                         Мөлдір Ибадуллаева