Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Отбасылық институт жұмысын күшейту қажет

60

«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау» Бүгінде актуалдылығын төмендетпей отырған бұл тақырып Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте де талқыға түсті. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде мыңнан астам әйел мен бала тұрмыстағы зорлық- зомбылықтың құрбаны болады екен.

«Отбасындағы берекенің қашуына басты себептерінің бірі – жанұядағы зорлық- зомбылық. Оған әлеуметтік жағдайдың төмендігі, отбасындағы жанжал, жұмыссыздық, ішкілікке салыну факторлары әсер етеді,- дейді жауаптылар. Бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелердер мен балалардың құқығын қорғау бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Әсет Оспанов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы: «Бұдан былай әйелдер мен балаларға жасалған қылмыстың бетін ашатын әйел тергеушілердің саны артады. Өйткені жапа шеккен әйелдер көбіне әйел тергеушіге сенеді. Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі осыған қатысты тағы бір заң жобасын Парламентке ұсынған. Учаскелік полиция инпекторлары жәбірленушінің пікірін ескермей тұрмыстағы зорлық-зомбылық фактілері бойынша нұсқамасын өз бетінше шығару жөніндегі өкілеттілігін кеңейту. Бұл норма құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуге ықпал етеді. Отбасылық жанжалдың мінез-құлқын бақылауға мүмкіндік береді».

Тұрмыстық -зорлық-зомбылықтың құрбандарына қолдау көрсету мақсатында ел аумағында 49 дағдарыс орталығы ашылған. Ағымдағы жылдың өзінде бұл орталықтың көмегіне 2700 – ден астам азаматша жүгінген. Брифинг барысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төтеп беруге және әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға үкімет қауқарсыз ба деген сұрақтар қойылды.

Әсет Оспанов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы: «Президент ең алдымен отбасы институтын күшейту қажеттігін атап өтті. Ол жұмыспен қамту, медициналық пен  әлеуеттік көмек көрсету…».

Брифинг барысында жақында ғана елордадағы жекеменшік «Сати» балабақшасында балаларға қатысты жасалған зорлық-зомбылық туралы да сөз болды. Онда тиісті органдар қандай шара көрді деген сауалға мамандар жауап берді. Спикер, ол оқиғаға қатысты «Балаларға қатыгездік көрсету бойынша ҚРҚК 140 бабының 2 тармағы» бойынша іс қозғалғанын атап өтті.

Шынар Оразова