Үкімет: «Күрделі міндеттердің бірі – инфляцияны ұстап тұру»

9

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің биылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды.

Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны – жыл басында 1,4 пайызды құраса, наурыз да ЖІӨ 4,4 пайызға жеткен. Өсім құрылыс, өңдеу, тау-кен , өндіру өнеркәсібі мен ауыл шрауашылығы салаларында тіркелген. Оң көрсеткіштерге Экспорт көлемінің үдемелі ұлғаюы және қызмет көрсету секторындағы тұрақты динамикасы да ықпал еткен.

Үкімет отырысында күн тәртібіне енгізілген отандық ғылымды дамыту мәселесі қаралды. Баяндамашыға сөз берер алдын үкімет басшысы Алихан Смайылов жиналғандарды 12 сәуір- ғылым күнімен құттықтады.

ҚР Ғылым және білім министрі ғылыми қызметкерлердің саны ағымдағы жылы 22 655 , 1990 жылы бұл көрсеткіш 2166 адамды құраған. Кез келген елдің бәсекеге қабілеттігі және оның болашағы- ғылымның даму деңгейіне, адами капиталының сапасына тікелей байланысты екендігін Асхат Аймағанбетов атап өтті: «Қазіргі ғылымдардың саны бойынша Қазақстандағы халық санына шаққанда өте аз. Шетелде ғылымның дамуына ішкі өнімнің 1 пайызын жұмсайды».

Әлихан Смайылов Білім және ғылым министрлігіне биылғы 30 сәуірге дейін Қазақстан ғылымын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының қабылдануын қамтамасыз етуді, жас таланттарды іздеу және оларды ғылымға тарту механизмдерін пысықтауды, зерттеу әлеуеті жоғары ғалымдардың жаңа буынының ақпараттық базасын жасауды, Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе бере отырып, институционалдық трансформациялау шараларын қабылдауды тапсырды.

ҚР Премьер-Министрі қазіргі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына шектеу шараларының әсері барынша азайтылғанын атап өтті. Алайда бұл жұмыстарды жалғастырған жөн. Себебі бізбен көршілес елдердің экономикасына санкциялардың ықпалы күшейе түсуде деді Алихан Смайылов.

Әлихан Смайылов Үкіметтің алдындағы күрделі міндеттің бірі – инфляцияны ұстап тұру екенін айтты. Ол үшін сала министрліктері өздеріне жүктелген міндетті орындауы тиіс. Әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағалары басты назарда болуы керек деп атап өтті үкімет басшысы.

Шынар Оразова