Жеміс пен көкөніс сақтау қоймаларының құрылысын мемлекет субсидиялайды

10

Алма өсірумен айналысатын қазақстандық бағбандар елге жеткізілетін импорттық жеміс салдарынан шығынға батып отырғандарын айтады. Егер уақытша шектеу енгізілсе, онда ірі өндірушілердің де, шағын бағбандардың да ісі ілгері жүреді.

«Шағын бақ шаруашылықтарына кейде жемісті жинау және сату пайдасыз, себебі алма одан бетер қымбаттайды», – дейді бақ шаруашылығы басшысы Болатбек Әлиев. Қазір дүкен мен базарда Қытай, Польша, Иран, Өзбекстан жемістері толып тұр.

Аграрилердің айтуынша, импортқа ішінара тыйым салу өнім бағасының өсуіне алып келуі мүмкін. Әсіресе, бұл алғашқы кезде байқалуы ықтимал. Алайда уақыт өте келе жергілікті өндіріс ұлғайтылады және шағын шаруашылықтар дами түседі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі бағбандардың бастамасын қарастыруға уәде етті. Осы жылдың өзінде бүкіл ел аумағында жаппай жеміс пен көкөніс сақтайтын қоймалар салынады. Бұл нысандардың құрылысын мемлекет субсидиялайды.

Шынар Оразова