Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2021 жылға 21 954 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, 9 айда нақты 19 462 адам қамтылды.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде (Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету) 2 675 адам кәсіби оқуға жолданды, оның ішінде:
— 175 адам техникалық және кәсіптік оқуға
— 2 500 адам жұмысшы мамандығы ретінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуға.
Екінші бағыт (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) бойынша жалпы 2 555 адам қамтамасыз ету жоспарланса, нақты 2 792 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. Олар:
— 2 155 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытуға жолданып, оның ішінде 2 095 адам куәлік алған.
— 53 адам шағын несие алған.
— 584 адамға мемлекеттік грант берілді.
Үшінші бағыт бойынша (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) 16 724 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланған болса, 9 айда нақты 13 995 адам жұмысқа жолданған, оның ішінде:
— 7 473 адам бос жұмыс орындарына;
— 695 адам жаңа жұмыс орындарына;
— 336 адам әлеуметтік жұмыс орындарына;
— 2 531 адам жастар практикасына;
— 2 845 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға;
— 115 адам «Алғашқы жұмыс орындары» жобасы.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Тореайм Султанова