1 – мамыр Халықтар достығы мен бірлігі күні. Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 — мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
Осы даталы мереке қарсаңында қаламыздағы жасөспірімдер кітапханасын да «Бірлік болмай тірлік болмас» атты іс-шара өтті. Мақсат: өлкедегі этно-мәдени бірлестіктердің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын шымкенттік жастарға көрсету, насихаттау. Іс-шараға 10 нан астам этнос өкілі қатысты. Ән айтып, поэзия оқып өз өнерлерін ортаға салды. Келеген қонақтар кітапхана ұжымына алғыстарын жаудырды.