Айыппұл мен салық ескі айлық есептік көрсеткіш бойынша төленеді

56

Тұрғындар айыппұл мен салықты ескі айлық есептік көрсеткіш бойынша төлейді. Демек бұл қаңтарда белгіленген 3063 теңге мөлшеріне есептеледі. Қаржы министрі өкілдерінің мәліметіне сәйкес, сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш өскеніне қарамастан, ол айыппұл мен салық үшін өзгермейді.

Еске салайық, Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, биылғы көрсеткіштерді нақтылау туралы шешім қабылдаған. Осыған байланысты айлық есептік көрсеткіш 3180 теңгеге дейін өскен. Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері 4%-ке ұлғайды.

Шынар Оразова