Арнайы экономикалық аймақтардың жұмысын ширатуға басымдық беріледі

48

Арнайы экономикалық аймақтардың жұмысын ширатуға басымдық беріледі. Бұл туралы Сенаттағы Қаржы және бюджет комитетінің өкілдері мәлімдеді.

Ел аумағында 13 арнайы экономикалық аймақ бар. Мақсат- өңірлер мен экономиканың жекелеген салаларын жедел дамыту. Нұр-Сұлтан, Ақтау қалаларындағы нысандар даму көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Оларды жедел дамыту үшін салық жеңілдіктері қаралған. 2020-21 жылдары бюджетке 170 млрд теңгеден астам салық түскен. Осы жеңілдіктерді әртараптандыру ұсынылып отыр.

Шынар Оразова