Арнайы білім беретін педагогтарға арналған ғылыми — тәжірибелік конференция өтті

563

Шымкентте мектепке дейінгі білім мекемелерінде «Жаңа Қазақстан — жарқын ұрпақ», «Сапалы білім, жақсы мұғалім, білімді ұлт» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Еліміздің 17 өңірінен келген білім саласының мамандары ерекше білімді қажет ететін балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандыру, заманауи әдістер, жаңа бағыттар бойынша тәжірибе алмасты.

Мына ерекше балалардың сөйлеу қабілеті осындай жаттығулар арқылы жетіледі. Шымкенттегі №32 мемлекеттік арнаулы балабақшасының мамандары, оқу үрдісінде ұлттық құндылықтарды қолданып, инновациялық ойын технологияларды кеңінен пайдалануда. Шымкенттік мамандардың тәжірибесімен өзге өңірлерден келген педагог-психолог, дефектолог, логопедтер танысуда.

Меруерт Медетбекова, Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты әдістемелік орталықтың директоры: «Білім басқармасына қарасты әдістемелік орталығында бір жыл бұрын инклюзивті білім беру бөлімі ашылды. Осыған дейін ерекше балаларды тәрбиелеуде бар тәжәрибелерді жинақтап ЗУМ арқылы нәтижелі ұсыныстар мен ескертулер ескеріліп жинақ шығарылды. Министрлік қызығушылық танытып мына керемет осыны неліктен басқа мектепке дейінгі мекемелерге таратпасқа деп республика деңгейінде қазір бұл үлгі таратылуда».

«Жаңа Қазақстан — жарқын ұрпақ» тақырыбында ұйымдастырылған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға еліміздің 17 өңіріндегі арнайы білім беретін мекемлерден 62 маман қатысуда. Тәжірибе алмасудың ойын ретінде ерекше балалардың қатысуымен өтуі сала мамандарының балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауда жаңа тәсілдерді қолдануына мүмкіндік береді.

Айкерім  Кудеринова, «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы»РММ директоры: «Бұл балабақшада сөйлеу функциясы бұзылған балалармен тұрақты жұмыстар жүргізіледі екен. Жиын барысында ол жұмыстар ойын технологияларын, әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы көрсетілді. Меніңше мектепке дейінгі ұйымның жаңа моделі аясында балаларға көбірек мүмкіндік беру керек. Мысалы қиял-ғажайып ойындар деген сияқты… Ұжымға жұмыстарына табыс тілеймін. Осындай балабақшада тәрбиеленген ерекше балалар үшін ата -аналары уайымдамаса да болады, өйткені, мұндағы керемет білікті мамандардың жүйелі жұмысының арқасында олар мектепке дайындықпен барады».

Сала министрлігі тарапынан инклюзивті ерекше білімді қажет ететін балаларға барынша назар аударылуда. Кәсіби білікті кадрларды даярлауға гранттар бөлінуде. ОҚМПУ-да биыл магситратура бөлімі ашылыпты. Логопед, дефектолог, инклюзивті мамандар. Бұл қуантарлық жағдай дейді жауаптылар.

Шынар Оразова