Арнольдо Киари синдромына шалдыққан науқасқа алғаш рет ота жасалды

0

Арнольдо Киари. Өте сирек кездесетін дәл осы синдром түріне шалдыққан науқасқа шымкенттік дәрігерлер алғаш рет күрделі операция жасады. Ота кезінде хирургтар науқастың миындағы ауытқуды хирургиялық жолмен емдеп, ақыл есінің жұмыс істеу қабілетін жақсартып берді.

Операция үстелінде жатқан науқас баланың жасы он бесте. Дәрігерлер пациентке сирек кездесетін “Арнольдо Киари” диагнозын қойған. Мамандардың сөзінше, бұл синдромның асқынуы науқасты шизофренияға, тіптен мүгедікттікке әкелуі мүмкін. Дерттің жалғыз емі, уақтылы жасалған операция ғана екен.

Самат Көкшібаев, Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігер нейрохирургы: «Операцияның көлемі басының арт жағынан шүйде аймағының шүйде сүйегі дөңгелетіп кесіп алынады. Бірінші мойын омыртқасы алынады. Мидың өзінің қатты қабаты бар. Біздің мақсатымыз мишықты бос жатқызу».

Шымкентте мұндай ота түрі бұрын-соңды жасалмаған. Бұл үшін науқастар Нұр-Сұлтан қаласындағы емдеу орталығына жіберіле­тін. Қалада алғаш рет қолға алынған операцияны жергілікті дәрігерлер өздері жасап шықты. Күрделі отаны жасау үшін бір ғана білікті хирургттың қолы аздық етеді екен. Миға жасалатын операцияға нейрохирругиялық бірнеше апарат қатар қолданылатын көрінеді.

Болат Нұсқабаев, Шымкент қалалалық клиникалық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі: «Нейромониторинг, микрохирругиялық және КТ аппаратын қолдана отырып, нейрохирругиялық оталар жасалуда. Бұл апараттарды меңгеру үшін мамандар арнайы оқытудан өтіп, блікітілігін арттырады. Алдағы уақытта тағы да күрделі оталарды меңгереміз деген жоспардамыз».

Өңіріміізде алғаш рет жасалған күрделі ота алты сағат­қа созылды. Операциядан соң науқас жансақтау бөліміне ауыстырылды.

Лаура Нақыпқызы