Денсаулық сақтау саласы

1

Өлім жағдайларын азайту мақсатында шеберлік сабақтары трансплантология бойынша ресейдің жетекші мамандарымен өткізілді, 28 уз-диагностика дәрігерін Санкт-Петербург қаласының маманы оқытты, Израильдік маманмен мастер-класс өткізу барысында 4 операция жасалды және 12 травматолог-дәрігерлер оқытылды.
Шымкент қаласының жүрек орталығында жүрекке 2059 операция жасалды.
Ағымдағы жылы №2 және №3 қалалық ауруханалардың базасында инсульттік орталықтар ашылды. Ашылған орталықтардың арқасында 9 айда шұғыл медициналық қызмет 1617 азаматқа көрсетілді, өткен жылғы мерзіммен салыстырғанда 13% көп.
Қалалық онкологиялық орталықта ПЭТ орталығының және сәулелік терапия қызметін ашу бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылы.
Медициналық қызметтердің қадамдық қолжетімділігін іске асыру үшін 4 жаңа жеке медициналық ұйым (ASEM MEDICA,. Klinika Qazygurt, Студенческая поликлиника, SHUBARSU MEDICAL) 55 мың тіркелген халыққа амбулаториялық деңгейде қызмет көрсете бастады.
Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында компьютерлік техникамен 100% қамтамасыз ету мақсатында 1901 компьютер орнатылды (МЖӘ бойынша).
№2 Қалалық ауруханада нейроинсульт бөлімшесінде интелектуалды бағдарлама «Cerebro» пилоттық түрде енгізілді.
Комплаенс офицер қызметі құрылып, медициналық ұйымдарда 35 комплеанс офицерлері тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.
1424 кол центр туралы ақпарат медициналық мекемелерде орналастырылған.
Медицина мекемелерінде «Open space» (фронт-офис) ашылды.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Тореайм Султанова