Дзюдодан республикалық ашық турнир өз мәресіне жетті

1

2022 жылдың 9-11мамыр аралығында «Ақ жол» демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалының қолдауымен Шымкент қаласының №12 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер (ұлдар мен қыздар) арасында дзюдо күресінен Республикалық ашық турнирі өз мәресіне жетті.

Жарыстың мақсаты жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және жас палуандардың шеберлігін шыңдау.
11 мамыр күні жасөспірімдер арасында өткен дзюдо күресінің жеңімпаздар марапатталып, жабылу салтанаты өтті.
Республикалық жарыстың жабылу салтанатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса, «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әлімхан Абжанов, Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Н.Төлегенов, Ж.Жораев, Шымкент қаласының деңе шыңықтыру және спорт басқармасының басшысы Б.Тұманбаев, қаламыздағы 12 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Х.Маккамбаев және әлемдік чемпион М. Ділдәбеков қатысты.

«Шымкент төрінде керемет жарыс өтуде, бұл жарысқа Қазақстанның барлық облысынан 730 жас палуан қатысқан екен. Мұндай дүбірлі жарыс Шымкентте бірінші рет өтуде. Жарыстың «Ақ жол» демократиялық партиясының құрылғанына 20 жыл толуына және «Балалар жылы» аясында өтіп жатқанына және осы доданы ұйымдастырған партияның Шымкент қалалық филиалы мен №12 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің басшылығына алғыс айтамын. Әлемде Қазақ елінің көк туы тек мемлекет басшысы мен чемпион спортшылар құрметіне ғана көтеріледі. Сіздердің араларыңыздан да еліміздің көк туын көтеретін чемпион шыға берсін.», – деді Қазыбек Иса.

Еске салайық, халық қалаулысы Қазыбек Иса Парламент төрінде еліміздегі спорт саласына қатысты бірнеше депутаттық сауал жолдап, ол сауалдарда көтерілген мәселелер бойынша халық арасында үлкен резонанс тудырып, қолданған болатын.

Турнир жеңімпаздарын Қазыбек Иса, Әлімхан Абжанов, Мұхамед Қырықбаев, Ноян Төлегенов, Жамалбек Жораев, Мұхтархан Ділдәбеков марапаттады.

1 – орынға – 200 мың теңге, 2 – орынға -150 мың теңге, 3 – орынға – 100 мың теңге сертификаттар, медальдар және сыйлықтар табысталды.

Республикалық ашық турнирдің өтуіне демеушілік жасаған «Ақ жол» фракциясының Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Ноян Төлегенов пен Жамалбек Жораевқа, сондай-ақ іс-шараны ұйымдастырған Шымкент қаласының деңе шыңықтыру және спорт басқармасы мен қаламыздағы №12 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің басшылығына филиал атынан алғыс айтамыз.