Фермерлерді субсидиялау 2 есеге ұлғаяды

0

Қазақстанда фермерлерді субсидиялау  2 есеге ұлғаяды.

Бұл туралы Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді. Жергілікті шаруалармен кездесуде үкімет басшысы ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді қолдаудың жаңа механизмі дайындалып жатқанын айтты.

Оның басты мақсаты азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін көтеріп ішкі өндірісті қолдау. Премьер-министр ел бюджетінен 50 миллиард тенге бөлінген аймақтағы көлік жолдарын жөндеу жұмыстарымен де танысып, жақында ашылған өндіріс кәсіпорындарын аралап қайтты.

Үкімет басшысының мәлімдеуінше, жалпы субсидиялау жүйесі қайта қаралады.

«Қазіргі субсидиялау жүйесі , өкінішке орай, тиімді емес. Биыл осы жылдың аяғына дейін сіздермен бірге субсидиялау саясатын талқылаймыз. Сосын үкіметтің шешімімен оны біз бекітеміз. Кем дегенде тұрақты болуына 5 жылға. Республика тарапынан берілетін субсидиялардың бәрі өнімділікке бағытталуы керек,- деді Әлихан Смайылов.

Шынар Оразова