Геологиялық барлауға қаржылай қолдау қажет

0

Геологиялық барлау жұмыстарына қаржы бөлуде ілгерілеу байқалмайды.

Әкімдіктерде жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатысты жұмысшы топтар құрылды

Осылай деген депутаттар Шығыс Қазақстан облысында соңғы ширек ғасырда ескі кен орындарына балама болатындай бірде-бір ірі кен орны ашылмағанын айтады. Бұл басқа өңірлерге де қатысты жағдай.

Елде әр шаршы шақырымға  шаққанда геологиялық барлауға бөлінетін мемлекеттік инвестиция мардымсыз екенін жеткізді. Небары 11 доллар. Ал Австралияда бұл 167 доллар, Канадада 203 доллар екен. Болашақта отандық металлургияны сырттан әкелінетін шикізатқа тәуелді етіп қою қатері бар деп отыр. Сондықтан, Ұлттық жобаның аясында салаға қажет қаржыны бөлуді сұрады.

Шынар Оразова