Кәсіпкерлік

73

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айында қалада жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 72,7 мың бірлікті құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайызға артты (2020 ж. 9 ай – 71 826 бірлік).

ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 168,0 мың адамды немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 104,4 пайызды құрады.
«Бизнес жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында есепті кезеңге 1 591 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде:
— екінші деңгейлі банктердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша 2 439,8 млн.теңгеге 1 005 жоба;
— екінші деңгейлі банктердің несиелерін ішінара кепілдендіру бойынша 1 128,8 млн.теңгеге 541 жоба;
— мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша 196 млн. теңгеге 43 жоба;
— өндірістік инфрақұрылымды жеткізу бойынша 3 500 млн. теңгеге 2 жоба.
«Қарапайым заттар экономикасы» аясында қала бойынша
91,7 млрд.теңгені құрайтын 92 кәсіпорыннан өтінімдер қабылданып, оның 70 кәсіпорыны 57,8 млрд.теңгеге мақұлданды.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Тореайм Султанова