Мәдениет саласы

27

2021 жылдың 9 айында 2473 мәдени іс-шара офлайн форматта өтті (763-көпшілік мәдени іс-шаралар, концерттер, 14 — премьера, 424-репертуарлық қойылым, 33-цирк қойылымы, 1 239 — танымдық, тақырыптық, әдеби іс-шаралар). Жалпы іс-шараға қатысқандар саны – 968 034, 8 онлайн-режимде іс-шаралар ұйымдастырылып, 49 665 қаралым болды.
Атап айтқанда, Қ.Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған «Өнер барысы», «Наурыз Шымкенттен басталады» жобасы (10 күндік мәдени марафон), Наурыз айтысы, «Қошқар Ата сейілі», «Super Live Kids», «Bala Shym»балалар фестивальдері, Қала күніне арналған «Qala Camp Revibe», «Сәлем, соседи», «Graffiti fest», «Open Air Gallery»фестивальдері, «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінің, этноауылдың ашылу іс-шаралары өтті.
Тілдерді дамыту саласы
Тілдерді дамыту жөніндегі қалалық әдістемелік орталық мемлекеттік тапсырыс бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқытатын топтар ұйымдастырып, жұмыс жүргізуде. 2021 жылы 56 топ ұйымдастырылды, онда 726 тіл үйренушінің 409-ы – қазақ тілін, 61-і – орыс тілін, 256-ы ағылшын тілін, 97-і латын әліпбиі курсын оқыды. Тіл үйренушілердің 178-і – мемлекеттік қызметшілер, 548-і – бюджеттік саланың азаматтары. Ұлттық құрамы: 560 қазақ, 69 орыс, 71 өзбек, 26 адам басқа этностар.
Жүргізілген әлеуметтік зерттеуге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындарының үлесі 92,8%-ды, орыс тілін – 86,3%-ды, ағылшын тілін – 23,6%-ды құрады.
Ономастика
Қазіргі таңда Шымкентте 99 шағын аудан, 2829 көше бар. Оның 31-і-қайталанатын атаулары бар көше, 28-і-атауы жоқ көше.
Ағымдағы жылы қаланың 1 шағын ауданға және 325 атауы жоқ көшелерге атау беру және қайта атау бойынша 326 ұсыныс жария етілді, 3 білім беру мекемесіне атау беру және қайта атау бойынша ұсыныстар қорытылды, құжаттар заңға сәйкес ресімделіп, Республикалық ономастика комиссиясының (бұдан әрі – РОК) қарауына жіберіліп, оң қорытындысын алынды.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Тореайм Султанова