Онлайн саудаға сұраныс жылдан жылға артып келеді

31

Онлайн саудаға сұраныс жоғары.Биыл электрондық төлем айналымы 43%-ке өсіп, 19 трлн. теңгеден асқан. Былтырмен салыстырғанда банк картасы не мобильді аударым арқылы сауда жасайтындар бірнеше есеге көбейген.

Nasdaq америкалық қор биржасының дерегіне сүйенсек, енді 20 жылдан соң барлық төлемнің 95%-ы интернет арқылы жүзеге асады. Ал Қазақстанда онлайн төлеммен бірге электрондық коммерция да қарқынды өсіп жатыр. Мәселен, төрт жыл бұрын онлайн сауданың үлесі небары 2,9% болса, қазір 3-4 есеге дейін артты.

Расымен, киім, азық-түлік, шаруашылыққа арналған тауар, тіпті дәріге дейін сауданы онлайн жүргізетіндер көп.

Шынар Оразова