ҚАЖ департаментіне жұмыска орналасқан 13 жас маман ант берді

15

24 жастағы Дәулет Сүлейменнің погонында ешқандай жұлдыз жоқ. Өйткені ол бүгін ғана қызметке орналасып ант берді. Бүгін онымен бірге тағы да 12 жас маман ант қабылдады.

Ант беру рәсімінен кейін жас мамандарда мүлде басқа өмір басталады. Қызметтен бөлек физикалық тұрғыда мықты болу керек.

Рәсім барысында департамент қызметкерлерінің де еңбегі еленді. Олар мақтау қағаздары мен дипломдармен марапатталды.

Мөлдір Ибадуллаева