Болат Өтемұратов қоры Қазақстанның «Қызыл жарты айы» қоғамы және «ForteBank» банкімен бірлесе Қазығұрт пен Сарыағаш аудандарында жаңбыр суы тасқынынан зардап шеккен отбасыларға қаржылай түрде көмек көрсеттi.
Нақтырақ айтсақ, Қазығұрт пен Сарыағаш аудандарында су тасқынан зардап шеккен 180 отбасы, 1115 тұрғынға 111 млн. теңге бөлді. Отбасының әр мүшесіне 100 мың теңгеден үлестіріп шықты. Тұрғындарға банк карточкалары үлестіріліп, қаржыны беру жұмысы атқарылды. Қазығұрт ауданында 173 отбасы, Сарыағаш ауданы Бағыс ауылында 7 отбасыға берілді.
Жанәлі Мырзабеков, Заңғар ауылының тұрғыны: «Кеше су тасқынынан кейін біраз әбіржіп қалдық. Бүкіл ауыл адамдары үйлерін су шайып өтіп, қиналып қалды. Бүгін міне адам басына 100 мыңнан ақша бөлініп, соны адамдар алдық. Үйдегі жиған мүлкіміз бәрі ағып кетті, оның енді орнын толтырмайды».
«Қазақстанның қызыл айы» қоғамдық қоры сондай-ақ, екі ауданда үйін су шайған үйлердің тұрғындарына қиім кешек пен төсек жабдықтарын үлестіріп шықты.
Малика Жүсіпова,»Қазақстан қызыл айы» қоғамы ТО филиалының төрайымы: «Қазір біз енді төсеніш алып келіп отырмыз. Гигиеналық қосымшалар, киімдер алып келіп жатырмыз. Соны таратып, көмегімізді беріп шығамыз».
Гүлдана Дәурен